12 қазақстандық стартап Кремний алқабында акселерацияны бастады
Astana Hub және Draper University ЦДИАӨМ және Дүниежүзілік банкпен бірге «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде халықаралық нарықта бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға арналған Hero Training акселерация бағдарламасының екінші лек оқуы басталды.
Hero Training бағдарламасының екінші легі кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Әзірбайжан және Түркия елдері стартаптарынан барлығы 129 өтінім түскен. Барлық стартап скрининг және диагностика кезеңдерін қоса алғанда, қатаң іріктеуден өтті.
Жобалар диагностикасының нәтижесі бойынша екі аптаға созылған Fundamentals of Entrepreneurship пре-акселерациясына қатысу үшін 80 стартап іріктелді. Содан кейін Кремний алқабында орналасқан Draper University-де өтетін Hero Training офлайн акселерациясына қатысу үшін 12 жоба таңдалды, олар: AlgoFarm, Prosper Pay, Loca, Pipedata AI, EZ FACTOR, Hired Valley, TrustMe, myMind, Oku Toku, WhoockAI, Oraclus, CheckAuto.
Дереккөз: astanahub.com