Founder & CEO. Марат Толибаев
Инвестордан инвестиция алу алдында оның стартапқа қатысу дәрежесін талқылау маңызды.
Деңгей: бастаушыларға
Тіл: Орысша
Ұзақтығы: 3:18
Инвестордың стартапқа қатысу дәрежесі. Стартап инвестордан инвестиция алмас бұрын инвестормен оның компания қызметіне қандай дәрежеде қатысуды, қаншалықты терең араласуды көздейтінін талқылап алу өте маңызды. Талқылау барысында екі тарап ортақ пікірге келуі керек, сонда кейін бұл жанжалға, тіпті компанияның жабылуына әкеп соқпайды. Мен жеке өзім акционерлік қоғамдарға ұқсатып, инвестордың компанияға қатысу дәрежесін үш деңгейге бөлер едім. Біріншісі — жалпы жиналыс деңгейі, екіншісі — директорлар кеңесі, үшіншісі — басқарма. Жалпы жиналыс деңгейі инвестордың стартап өміріндегі ең маңызды, елеулі мәселелерге ықпал ететінін білдіреді.
Мысалы, стартаптың өмір сүруінің өзі немесе оның жабылуы, компанияға жаңа акционерлерді қабылдау, бірігу, жұтып алу және т.б. Яғни компанияның болмысына қатысты өмірлік маңызды мәселелер. Директорлар кеңесі деңгейінде көбіне стартап өміріндегі онша шешуші емес, бірақ соған қарамастан едәуір маңызды мәселелер талқыланады. Мысалы, қызмет бағыттары, белгілі бір аумақтарға, қандай да бір өңірге кеңею немесе қазіргі елдегі қызметті тереңдету, бизнес-модельді өзгерту, кейбір бизнес-процестерге көзқарасты өзгерту және т.б. Осы мәселелердің бәрі екінші деңгейде, директорлар кеңесі деңгейінде талқыланады.
Стартап сияқты шағын компанияларда, әрине, нағыз директорлар кеңесі болмайды, бірақ мен шешім қабылдаудың бұл деңгейін шартты түрде осылай атаймын. Ал ең соңында, шешім қабылдаудың үшінші, ең төменгі деңгейі — оны шартты түрде басқарма деңгейі деп атайық. Бұл стартаптың күнделікті операциялық қызметіне қатысуды білдіреді. Тіпті инвестор бұл туралы ойламаса да, мән бермесе де және стартап өміріне қаншалықты терең араласатынын өзі білмесе де, стартапшы бұл мәселені өзі көтеріп, талқылап, қағазға түсіріп бекітуі керек, сонда кейін түсінбестік болмайды.
Инвестордың стартап қызметіне араласу дәрежесі, әрине, инвестордың компанияның жарғылық капиталындағы үлесімен байланысты. Үлесі неғұрлым көп болса, инвестордың құқығы соғұрлым көп болады. Бірақ бұл әрдайым солай емес. Кейбір инвесторлар, инвестициялық компаниялар, қорлар өз стратегиясында стартаптың операциялық қызметіне терең араласқысы, негізін қалаушыға бала күтуші болғысы, ұсақ нұсқаулар бергісі және т.б. келмейтінін тікелей жазады. Көбіне олар стратегиялық мәселелерді талқылауға қатысу құқығын өздеріне қалдырады. Сондықтан бәрі әрдайым инвестордың осы компаниядағы үлесіне байланысты бола бермейді.

Бізге 5 минут бөліп, пікір қалдырыңыз