Yandex Qazaqstan мен Activat VC Clash of Startups жеңімпаздарын жариялады

Категория: Жаңалықтар

Yandex Qazaqstan мен Activat VC Clash of Startups жеңімпаздарын жариялады

12 наурызда Activat VC мен Yandex Qazaqstan ұйымдастырған «Clash of Startups» митапы өтті. Іс-шараға қолданбалы жасанды интеллект, финтех, қалалық сервистер, мартех және басқа да бағыттардағы стартаптар қатысты.

Митап аясында панельдік талқылау да өтті. Венчурлік қорлардың сарапшылары стартаптың технологиялық құрамдас бөлігін қалай бағалайтынын айтып берді. Талқылауды Yandex Cloud стартап-бағдарламалар және коммерциялық бастамалар бағытының жетекшісі Никита Ражев жүргізді.

Питч-сессияда стартаптардың негізін қалаушылар өз шешімдерін қазылар алқасына таныстырды, ал қазылар әр кейсті талдап, кері байланыс берді.

Қазылар алқасының құрамына мыналар кірді:

• Аслан Султанов, White Hill Capital басқарушы серіктесі;

• Жан Карсыбаев, Big Sky Capital басқарушы серіктесі;

• Бауржан Шалбаев, MOST Ventures CIO-сы;

• Аскар Билисбеков, Qazaqstan Venture Group CEO-сы;

• Тимур Шалекенов, Yandex Qazaqstan CEO-сы;

• Мейржан Есимханов, Activat VC атқарушы директоры;

• Шахзод Нарзуллаев, IT Park Ventures инвестициялар жөніндегі менеджері.

Питчинг қорытындысы бойынша қазылар алқасы үш финалисті таңдады, олар Yandex Cloud бұлттық сервистеріне грант алды.

6 млн теңгелік грантты BookEat негізін қалаушылардың бірі Камила Даутканова алды. BookEat — үстел брондауды, тағамдарға алдын ала тапсырыс беруді, қонақтар ағынын басқаруды және аналитиканы бір қосымшада біріктіретін мейрамханаларға арналған технологиялық платформа. Сондай-ақ брендтердің нативті жарнамасын блогерлер мен UGC-креаторлар арқылы іске қосуға арналған UGC Match платформасын таныстырған Абылай Базарбаев 6 млн көлеміндегі грантқа ие болды.

3 млн теңгелік грантпен Никита Быков (Qutty Band стартапы) марапатталды. Qutty Band — меншікті алгоритмдері мен локализацияланған интерфейсі бар, негізгі физиологиялық қажеттіліктерді бақылауға арналған ақылды фитнес-білезік.

13 мар 2026