Hero Training бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Категория: Жаңалықтар

Hero Training бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Hero Training – Кремний алқабында Draper University кампусы базасында өтетін бес апталық акселерация. Бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан және Грузиядан MVP және одан жоғары сатыдағы IT-жобалар қатыса алады, деп хабарлайды Astana Hub баспасөз қызметі.

Қатысу үшін стартаптың Қазақстанда заңды тұлғасы, АҚШ-тың қолданыстағы визасы немесе визаға берілген өтініші болуы қажет, сондай-ақ бағдарлама өтемейтін шығындарды (жол жүру, тамақтану, виза, сақтандыру, қатысу ақысы және т. б.) өзі төлеуі тиіс.

Hero Training барысында нарықты зерттеу, өнімді әзірлеу және қаржылық жоспарлау тақырыптары бойынша оқу семинарлары мен питч-сессиялар өтеді. Сондай-ақ сала сарапшыларымен жеке кеңестер қарастырылған.

Өтінімдер (https://astanahub.com/ru/l/hero-training1) 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеу қорытындысы бойынша Кремний алқабына баратын 10 стартап таңдалады.

Дереккөз: Digital Business

13 авг 2024