Activat VC Investor relations manager-інің ұсыныстары

Категория: Жаңалықтар

Activat VC Investor relations manager-інің ұсыныстары

The Tech телеграм-арнасында онлайн-питч өтті, онда Орталық Азия стартаптары өз жобаларын таныстырды. Қазылар алқасының құрамында біздің Investor Relations Manager — Ануар Лензат болды. Ол сөйленген сөздерді бағалап қана қоймай, инвестицияны табысты тарту бойынша стартаптарға арналған құнды ұсыныстарымен бөлісті:

1. Таныстыру шеберлігін шыңдаңыз. Аудиторияның назарын ұстап тұру үшін питчингті қызықтырақ әрі нақтырақ етіңіз.

2. Бағалауды нақтылаңыз. Бағалауыңыз неге сүйеніп есептелгенін түсіндіріңіз. Оны бәсекелестерді салыстырмалы талдаумен негіздеп, сіз ұсынған соманың неліктен әділ екенін сенімді түрде көрсетіңіз.

3. Аудиторияңызды анықтаңыз. Өз субсегментіңізді — төлем қабілеті бар клиенттеріңіздің кім екенін нақты анықтаңыз. Оларды толығырақ сипаттаңыз, мысалы, жасы, әлеуметтік мәртебесі және басқа да маңызды белгілері бойынша.

4. «Бутстреппинг» туралы ойланыңыз: бәлкім, бастапқы кезеңде инвестициясыз-ақ жұмыс істеп, алдымен бизнесті сынақтан өткізген жөн шығар — сонда оның қаншалықты өміршең екенін және сізге сыртқы ресурстар қажет пе, жоқ па, соны түсінесіз.

Дереккөз: @thetechkz

15 окт 2024