EMS 2024 аясындағы Smart City көрмесіне өтінім қабылдау басталды
Сіздің ақылды қалаларды дамытуға үлес қосып, Eurasian Mobile Summit аясында өтетін IT-шешімдер көрмесінде идеяларыңызбен бөлісуге мүмкіндігіңіз бар.
Саммитте сіздің жобаларыңызды сала көшбасшылары, инновациялық компаниялар және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері бағалайды.
Сонымен қатар көрмеге әлем бойынша 200-ден астам қатысушыны біріктіретін «ақылды» технологиялар саласындағы WeGO халықаралық қауымдастығының өкілдері қатысады.
Толығырақ сайтта: https://eurasianmobilesummit.com/