Activat VC-нің 2024 жылғы жетістіктері туралы
Activat VC стартап-экожүйені алға жылжытады! Өткен 2024 жыл біз үшін жаңа белестерге жеткен жыл болды:
— Инвесторларымыз үшін 4x кірістілікпен алғашқы exit жасадық;
— Стартаптарға инвестиция салдық: Epoint, Behype, Winest;
— Стартаптардың ауқымын кеңейтіп, өсуіне көмектесетін Advisory Board бағдарламасын іске қостық;
— Барлығына арналған бейнекурстар жарияладық: негізін қалаушылар мен жаңадан бастаған инвесторларға венчур туралы тегін материалдар;
— Скаутинг бағдарламасын іске қостық, соның арқасында Winest стартапына инвестиция салдық — бұл осы жүйе арқылы жүзеге асқан алғашқы кейс;
— VC Bowling Cup 2024, Clash of Startups, Этикалық Кодекске қол қою сияқты іс-шараларды, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде негізін қалаушылар мен инвесторлармен кездесулер ұйымдастырдық;
— UniCorner Acceleration VC Day, BakuID, ICTWEEK Uzbekistan, GITEX Global, CEVF 2024 және т.б. сияқты іс-шараларға қатыстық.
Міне, жаңа кезең — BI Group-пен серіктестік! Енді біз Қазақстанның ең ірі құрылыс холдингінің дамуына үлес қоса алатын стартаптарды іздеп жүрміз.
Форманы толтырып, ортақ табыс тарихының бір бөлігі болыңыз!