KIOGE көрмесінде Startup Battle Industry 4.0 сәтті өтті
KIOGE көрмесінде индустриялық стартаптарды инфрақұрылымдық қолдау саласындағы көшбасшы TechGarden ұйымдастырған Startup Battle Industry 4.0 сәтті өтті.
Қазылар алқасының құрамында Activat VC компаниясының атынан біздің COO Мейржан Есимханов, сондай-ақ жетекші мұнай-газ және өнеркәсіп компанияларының өкілдері болды. Іс-шара аясында болашағы зор 11 стартап өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынып, демеушілер мен серіктестердің бағалы жүлделері үшін бәсекеге түсті.
TechGarden командасына шақырғаны және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз!