Startup Quiz by Activat VC Астанада қалай өтті
Астанада Startup Quiz by Activat VC өтті — кәсіпкерлерді, стартап негізін қалаушыларды, инвесторларды және технологиялық қауымдастық өкілдерін біріктірген іс-шара.
Квиз барысында қатысушылар стартаптар, венчурлік инвестициялар, жасанды интеллект және әлемдік технологиялық кейстер бойынша білімдерімен бақ сынасты. Іс-шара форматы командалардың біліктілігін тексеріп қана қоймай, кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды талқылау үшін алаң құруға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері, ынта-ықыластары және кеш атмосферасы үшін алғыс айтамыз. Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша үздіктер қатарына енген командаларды құттықтаймыз.
Іс-шараны қолдағаны және Астананың технологиялық қауымдастығын дамытуға қосқан үлесі үшін серіктесіміз The Tech-ке ерекше алғыс білдіреміз.
Activat VC үшін Startup Quiz өткізу — стартап-экожүйені дамыту және кәсіпкерлер, инвесторлар мен технологиялық мамандар арасындағы байланысты нығайту жөніндегі жұмыстың бір бөлігі. Мұндай форматтарға қызығушылықтың артып келе жатқанына қуаныштымыз және іс-шаралар сериясын Астанада және өңірдің басқа қалаларында жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Activat VC-нің алдағы іс-шаралары туралы хабарландыруларды сайтымыз бен әлеуметтік желілерімізден қадағалап отырыңыз.