AI венчурлік инвестицияларды қалай өзгертеді: VC Stage қорытындысы

Категория: Жаңалықтар

AI венчурлік инвестицияларды қалай өзгертеді: VC Stage қорытындысы

2 қазанда Activat VC AI & Digital Bridge 2026 аясында «VC Stage — AI венчурлік инвестицияларды қалай өзгертеді» панельдік сессиясын өткізді.

Бір сахнада венчурлік нарық пен технологиялық сала өкілдері бас қосты:

• Марат Толыбай — Activat VC бас директоры

• Далерхон Нодиров — IT Park Ventures бас директоры

• Болат Башеев — Axiom Capital негізін қалаушысы және CEO

• Тимур Шалекенов — Yandex Qazaqstan бас директоры

• Бахт Ниязов — Justart Ventures негізін қалаушысы

• Олжас Укенов — Almak Capital басқарушы серіктесі

Спикерлер жасанды интеллекттің қарқынды дамуы венчурлік қорлардың жұмысын және стартаптарға инвестиция салу тәсілдерін қалай өзгертетінін талқылады: өтінімдерді қарау мен жобаларды алғашқы бағалаудан бастап нарықты талдау мен due diligence жүргізуге дейін.

Қатысушылар жасанды интеллект бұл процестерді автоматтандыруға, ақпаратты жылдамырақ өңдеуге және инвестициялық мүмкіндіктерді бағалауға қалай көмектесетінін айтып берді. Олар технологияларды нақты мақсатпен — жобаларды талдау мен тексеруге кететін уақытты қысқартып, негізделген инвестициялық шешімдерге тезірек көшу үшін енгізетінін баса айтты.

Алайда барлығы атап өтті: жасанды интеллект әзірге венчурлік қор командасының жұмысын толықтай алмастыруға дайын емес. Негізін қалаушылармен жеке қарым-қатынас стартап командасын, оның мотивациясы мен әлеуетін түсінуге көмектеседі — мұны тек құжаттар арқылы бағалау қиын. Стартаппен тікелей байланыс жасанды интеллект талдаған жүздеген есептен гөрі көбірек нәрсе бере алады.

Спикерлерге ашық әңгімесі мен құнды ой-пікірлері үшін, ал қонақтарға пікірталасқа қызығушылық танытып, қатысқаны үшін алғыс айтамыз!

3 окт 2026