Fintech-стартап Zypl.ai жаңа нарыққа шығады

Категория: Жаңалықтар

Fintech-стартап Zypl.ai жаңа нарыққа шығады

Өткен жылдың қараша айында біз холдингіміз инвестиция салған Zypl.ai стартапы туралы айтқан едік.

Азизджон Азимидің туындысы Тәжікстан мен Өзбекстан нарықтарында белсенді дамып келеді. Міне, соңғы жаңалық: Өзбекстанның ең ірі қаржы ойыншысы – Asia Alliance Bank Zypl.ai-мен ынтымақтастықты бастады. Бұл стартап машиналық оқыту алгоритмдерінің көмегімен қарыз алушыларды автоматты түрде тексеруге және сол арқылы несиенің қайтарылмау ықтималдығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Стартаптарды іріктеудегі таңдауымыздың дұрыс екеніне және олардың өсуі үшін беретін құндылығымызға тағы бір рет көз жеткізгеніміз қуантады.

Zypl.ai-ға салған инвестицияларымыз туралы толығырақ

17 июн 2022