Категория: Жаңалықтар

28-29 қыркүйекте Астанада Digital Bridge цифрлық технологиялар және бизнес жөніндегі халықаралық форумы өтті

Форумға 25 мыңға жуық адам қатысты. Олар — IT-компаниялар, венчурлік инвесторлар, бизнес-ангелдер мен стартаптар, сондай-ақ бейінді министрліктердің өкілдері.

Activat VC көрмеге қатысты, онда стартапшылар біздің инвестициялау тәсілімізбен танысып, өз жобалары туралы айтып бере алды. Олардың кейбірін назарымызға алдық). Форум аясында Astana Hub және Google for Startups - Silkway Accelerator бағдарламасы бойынша Demo Day өтті, онда стартапшылар өз жобаларын венчурлік инвесторлар алдында таныстыра алды. Іс-шараға инвесторларының бірі Activat VC болып табылатын Zypl.ai стартапы қатысты.

Форумның ең жарқын оқиғасы 100-ге жуық стартап бақ сынасқан Astana Hub Battle байқауы болса керек. Activat VC негізін қалаушы Марат Толибаев Багдат Мусинмен (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі), Тимур Турловпен (Freedom Finance негізін қалаушы), Мират Ахметсадыковпен (Most Ventures негізін қалаушылардың бірі) және Қазақстан Республикасының венчурлік инвестициялар әлеміндегі басқа да белгілі тұлғалармен бірге қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды.

Айтпақшы, байқауда екінші орынды кезінде Activat VC инвестиция салған Easy Tap жобасы иеленді.

5 окт 2022