Activat VC және Yandex Cloud Boost ұсынатын “Clash of Startups”

Категория: Жаңалықтар

Activat VC және Yandex Cloud Boost ұсынатын “Clash of Startups”

3 қазанда стартаптар мен барлық қызығушыларды Yandex Qazaqstan кеңсесіндегі митапқа шақырамыз.

Бұл — Yandex Cloud пен Activat VC Алматыда өткізетін алғашқы митап: онда стартаптар үздік стартап атағы үшін бәсекелесіп, өз шешімдерін кең аудиторияға көрсетеді және сала сарапшыларынан құнды кері байланыс алады.

Бағдарламада:

📌 Венчурлік қорлар басшыларынан құралған қазылар алқасының кері байланысымен өтетін стартаптардың питч-сессиясы.

📌 Activat VC тарапынан технологиялық компанияларға арналған презентация.

📌 Yandex Cloud Boost стартаптарды қолдау бағдарламасының презентациясы.

📌 Қазақстандағы Yandex Cloud бұлттық платформасына 6 млн теңгеге дейінгі гранттар және финалистерге керемет мерч.

➡️ Стартап ретінде өтінімді осы жерден беруге болады

MVP немесе прототипі, командасы және аздаған traction-ы бар, жетілген pre-seed кезеңіндегі стартаптардың өтінімдері қарастырылады, сектор — agnostic.

➡️ Митапқа қатысушы ретінде келу үшін форманы сайтта толтыру қажет

4 сен 2024