ApartX Қытай нарығына шықты

Категория: Жаңалықтар

ApartX Қытай нарығына шықты

Портфельдік стартапымыз ApartX Ханчжоуда өткен 3-ші Жаһандық цифрлық сауда көрмесінде қытайлық WELOCK компаниясымен келісімге қол қойғанын қуанышпен хабарлаймыз. WELOCK ақылды құлыптар технологиясы мен ApartX бағдарламалық қамтамасыз етуін біріктіру қонақүй қонақтарын автоматты түрде тіркеу және шығуын рәсімдеу үшін инновациялық шешім жасауға мүмкіндік береді.

ApartX негізін қалаушы Канат Кельдибеков атап өткендей:

«Қытайда іске қосылғанымызға және WELOCK компаниясымен ынтымақтасу мүмкіндігіне қуаныштымыз. Бұл бізге әлемдегі ең ірі жылжымайтын мүлік жалдау нарықтарының бірінде орасан зор перспективалар ашады және халықаралық деңгейге шығуға көмектеседі».

Қытай — 500 млн пәтері бар ең ірі жалдау нарығы. Осы ынтымақтастықтың арқасында ApartX сондай-ақ WELOCK компаниясының АҚШ, Ұлыбритания, ЕО, Таиланд, Малайзия және Индонезияны қоса алғанда 35 елдегі клиенттеріне қол жеткізеді.

Дереккөз: Digital Business

1 окт 2024