Activat VC Әдеп кодексіне қол қоюға бастамашы болды
18 шілдеде біз нарықтың басқа ойыншыларымен бірге маңызды құжатқа — Қазақстанның венчурлік индустриясының Әдеп кодексіне қол қойдық. Қол қою рәсімі Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ең ірі халықаралық технопаркі Astana Hub аумағында өтті.
Қазақстанның венчурлік нарығы енді ғана қалыптасып келеді, сондықтан нарықтың белсенді ойыншысы ретінде біз үшін оның дамуына дұрыс бағыт беру маңызды: бұл бүкіл индустрияға да, нарықтың жекелеген қатысушыларына да кері әсер етуі мүмкін жағымсыз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Біз, Activat VC, осы Кодексті әзірлеу мен қабылдауға бастамашы болдық. Ол нарықтың көптеген ойыншыларын — венчурлік қорларды, бизнес-ангелдерді, стартап негізін қалаушыларды біріктіретін іргелі құжаттардың біріне айналуы тиіс.
Кодекстің негізгі қағидаттары — инабаттылық, адалдық, жауапкершілік, сенім, толеранттылық, адал бәсекелестік, инвесторлардың стартаптар қызметіне араласпауы, стартап қатысушыларының мүдделерін сақтау, заңдылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, қоғамдық мүдделердің басымдығы.
Уақыт өте келе біздің бастамамызға бұдан да көп ойыншы қосылады және осы қағидаттарды ұстана отырып, біз бәріміз өңіріміздегі венчурлік инвесторлар мен стартап негізін қалаушылар арасында әдепті әрі сау ахуал қалыптастырамыз деп шын үміттенеміз.
Қазіргі уақытта Кодексті MOST Ventures, MyVentures, Tumar Venture Fund, BigSky Capital, BYB Capital, InDrive NewVentures сияқты қорлар; Astana Hub және BGlobal VC инфрақұрылымдық ойыншылары; акселераторлар мен инкубаторлар, сондай-ақ EasyTap, ApartX, Garderob, Porte, Smartestprep, GoDays, Billz және басқа да көптеген стартаптар қолдады.
Әдеп кодексінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://docs.google.com/document/d/1RveR5DLidPJeMw56ZHrntioyb6tzVmBx0Z8n9LREfdw/edit?usp=drivesdk
Кодекске қол қою үшін бізбен байланысыңыз.